Шымкент: Абай ауданына 29,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған

1769
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/9e0ffc87-7221-40be-96fe-8e39a070060b.jpeg
Биыл Абай ауданының инфрақұрылымына және кәсіпкерлік бағытын дамытуға 29,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, бюджеттік қаржының көлемі – 25,2 млрд теңгені құраса, жеке инвестиция көлемі – 4,1 млрд теңгені құраған. 2021 жылы 12 млрд теңгеге жеке инвестиция тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда 17 мыңнан аса салық төлеуші бар екенін мәлімдеді. Бұл жылы олардан келіп түсетін түсімдердің өсу қарқыны байқалады. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 133 % құрап, 3,2 млрд теңгеге артығымен орындалған. Айта кету керек, Шымкент қаласының жаңа статусқа ие болуына байланысты жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары есебінен түсімдердің өсу қарқыны 235% құрап,138 млн теңгеге артқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии