Еңбекші ауданында карантин талабын бұзған қоғамдық тамақтану орны анықталды

1750
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/0989d533-911f-4364-ac0c-f09b34fdad9a.jpeg
Шымкент қаласының аудан аумақтарында қоғамдық орындарда карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасуда. Еңбекші ауданы бойынша мобильдік топ аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына кезекті бақылау іс-шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орнында карантин талабын бұзу жағдайы, яғни отбасылық іс-шара өтіп жатқаны анықталды. Кәсіпкерлік нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауданда жергілікті полиция қызметі, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі, аудан әкімдігінің мамандарынан құралған 4 мониторингтік топ жұмыс істейді. Аудан әкімдігі қала тұрғындарына өзінің және өзгелердің денсаулығына немқұрайлы қарамауға, отбасылық іс-шараларды өткізбеуге және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Комментарии