“Instagram” мен “OLX”-тегі алаяқтардың айласына түсіп қалды

2102
Adyrna.kz Telegram

Петропавлдықтар “Instagram” мен “OLX”-тегі алаяқтардың айласына түсіп қалды, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ІІМ-ге сілтеме жасап.

Петропавлда “Instagram” мен “OLX”-те алаяқтық әрекеттердің 95 фактісі тіркелді. Бүгінгі күні жедел уәкілдердің айтуынша, бұл платформалар арқылы тапсырыс беру немесе заттарды сату қауіпті екендігін, сондай-ақ алаяқтардың мұнда да өз айлаларын жүзеге асыратындығын атап өтті.

– Осындай онлайн сауда жасау кезінде сақ болу керек. Пікірлерге, аккаунттардың құрылған уақытына назар аударған дұрыс. Боттардың көмегімен қылмыскерлер оң пікірлер жазатындығын атап кеткен жөн. Тексерілген интернет-дүкендерге ғана тапсырыс беру керек, – деп тоқтала кетті Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов.

Петропавл тұрғыны “OLX” арқылы құндыз тонын сатпақ болады. “WhatsApp” нөміріне алғысы келген адам хабарласып, киіп көрместен сатып аламын деген. Тонын сатқысы келген әйел күдіктеніп, бірден сатып алушымен байланысын тоқтатқан. Жыл басынан бері Петропавлда 298 интернет-алаяқтық тіркелді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер