Диего Марадонаға операция жасалмақ

2895
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/1213.jpeg
Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадонаға операция жасалуы мүмкін. Даңқты футболшының миына қан құйылған деген болжам бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Әлем ақпараттары жазғандай, қазір ол Буэнос-Айрестегі жеке емханалардың бірінде емделуде. Футболшының көмекшісінің айтуына қарағанда, Марадона ауруханаға түспес бұрын бір апта бойы тамақ ішуден қалып, көңі-күйі болмаған. Еске сала кетейік, атақты футболшы осыдан үш күн бұрын ғана 60 жасқа толған болатын.

Ұларбек Дәлейұлы

Сурет ашық дереккөзден

Комментарии