Денсаумин уәдесінен айныды

2278
Adyrna.kz Telegram

ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов депутат Азат Перуашевтің талабына түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы zakon.kz. тілшісіне сілтеме жасап.

Азат Перуашев бұған дейін коронавируспен ауырған дәрігерлерге берілуге тиіс, бірақ алынып тасталған өтемақыны кері қайтаруды сұраған болатын. Осыған байланысты берген жауабында бас санитар Қиясов: «Қазіргі кезде бұл өтемақыларды төлеуді жалғастыру дәрігерлердің өзін де, медициналық мекеме басшыларын да босаңсытып, эпидемиялық шараға қарсы күрес жұмыстарының әлсіреуіне соқтырады. Барлығы дей алмаймын, жекелеген фактілер болуы мүмкін», -деді.

Сонымен қатар ол ведомство Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау шаралары тиімді деп санайды. Ал ең бастысы, Қиясов коронавируспен ауырған дәрігерге өтемақы төлеуді артық деп санайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге салып өтейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі пандемия кезінде өзі де коронавируспен ауырған дәрігерлерге және осы вирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасына арнайы өтемақы төленетінін айтқан болатын.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер