Бүгін, 31 қазан Алматы қаласы Т. Шевченко көшесінің бойындағы Ш. Уәлихановтың ескерткішінің алдында рұқсат етілген митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Сағат 12.00-де басталған митингіге жиналған жұрттың қарасы көп. Митингіні ұйымдастырушылар – құқық қорғаушылар Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА және Ғалым АҒЕЛЕУОВ.
Митинг өткізушілердің талабы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектемеу, азаматтардың саяси көзқарасына қысым көрсетпеу, саяси тұтқындарды босату, саяси реформалар жасау, демократиялық қоғам құру.
Митингіге дейін бірқатар белсенділер ұсталып, бірнеше тәулікке қамалды деген ақпарат тарады.
Әкімдік митингі өткізуге екі рет қарсы болып, тек үшіншісінде рұқсат берген.
Фото Бақытжан Төреғожинаның Facebook парақшасынан алынды
«Адырна» ұлттық порталы