Нашар еститін әрі мылқау етікші есірткі сақтаған

3067
Adyrna.kz Telegram

Алматыда құлағы нашар еститін әрі мылқау ер адам етік жөндеу шеберханасында есірткі сақтаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті тұрғындар «Орбита» шағынауданының учаскелік инспекторларына шағымданған. Бостандық ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары полиция көмекшілерімен бірге етікшіні ірі көлемдегі есірткімен ұстады. Есірткі заты – гашиш оның жұмыс орнынан, аяқ киімнен табылды. Ұсталған адам саңырау әрі мылқау. Сондықтан ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне есірткіні қайдан алғанын және оны қандай мақсатта өзімен бірге сақтағанын түсіндіре алмады. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша басталды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер