Фил Джей: Қанат Ислам элитаға шығу мүмкіндігін жіберіп алды

1558

Даңқты қазақ боксшысы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) - рухты спортшы ретінде жанкүйерлері арасында өте танымал.   Алайда, " Қанат Ислам әлемдегі ең мықты боксшылар қатарына кіре алмайды", - дейді америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей.

2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасына баруды мақсат тұтқан оның жолын қытайлар кескен еді. Себеп: Қазақстандағы қағазбастылық кесірінен ел азаматтығын ала алмай біраз уақыт жоғалтып алғандықтан қытайлық олимпиада комитеті оның Қазақстан атынан Лондонға жолдама беруге табанды қарсы шыққан еді.

Жоғарыда атап өткен Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында: "Қанат Ислам қазір 36 жаста. Бір жыл бойы жұдырықтаспады, ал Уолтермен кейінгі жекпе-жегінде онша жақсы көрінбеді. Одан не күтесіздер? Меніңше, оның болашағы өте зор еді, бірақ, элитаға шығу мүмкіндігін жіберіп алды. Оған жарақаттар немесе басқа жағдайлар бөгет болды ма, ол жағын білмеймін. Айтайын дегенім, ол уақытын еркін жұмсайтындай жас емес.

Бірнеше тамаша жекпе-жек көрсетеріне күмәнім жоқ, алайда, ұлы атана алмас. Ол мықты және болашағы зор болған боксшы ретінде есте қалады", - дейді.

Әуесқой бокста Бейжің Олимпиадасында 69 келі салмақ бойынша қола алқа таққан ол, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына бару мүмкіндігінен арйырылған соң, еліміздегі "Астана арланс" клубында бірер жыл тамаша өнер көрсетті. Алаң төрінен жарқырай көрінді. Содан көп өтпен кәсіпқой боксқа біржола ауысты, америка төрінде шаршы алаңның шаңын қақты, қарсылас шақ келтірмеді. Тек соңғы бірер жылдықта не себеп болғаны белгісіз, жекпе-жек алаңдарынан көрінбей кеткені жанкүйерлеріне түсініксіз болып тұр..

 

Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер