ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН: Рейтингі төмен оқу орындарын жабуды қолдау қажет

2687
Adyrna.kz Telegram

      Биылғы жылы Білім және ғылым министрлігі  «педагогикалық ғылымдар»,  «өнер»,  «гуманитарлық ғылымдар»,  «жаратылыстану ғылымдары»,  «техника ғылымдары»,  «қызмет көрсету» және  «әлеуметтік жұмыс»,  «әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша мамандар даярлаған 25 жоғары оқу орнын лицензиясынан айырды. Алматыдағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының лицензиясынан айырылуы халықты селк еткізгені белгілі. Осы тақырып төңірегінде Қазақстан ұлттық арнасының  «Ашық алаң»  бағдарламасы эфирінде М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан таныс жағдайымен бөлісті.

«Маған мемлекеттік қызметте жүрген таныс азаматтар университтерді жауып жатқаны дұрыс емес қой деп пікір білдіруде. Олар универсиеттерді жабу абырой беретін жұмыс емес деп ойлайды. Неге? - деп сұрағанымда, бұл әлеуметтік мәселе  болғандықтан ертең студенттердің жағдайы қалай болады? - деп жауап береді. Дәл осылай ойлайтын адамдар 3-4 жылғы проблеманы ғана  ескеріп тұр. Студенттердің басқа оқу орнына ауысуы да күрделі мәселе. Бірақ 10 жылдан кейінгі жағдай ше? Сабаққа бармаған, сапасы төмен университетте оқыған адам диплом алған соң қандай маман болып шығады? Бізді осы мәселе алаңдатуы керек», - дейді Ерболат Мұхамеджан.

«Нарықта жүрген бір компанияның иесімен де осы мәселе бойынша сөйлестім.  Менің балабақшам бар. Бауырларым сонда жұмыс істейді. Қарындасым Шымкентте бір университетте оқып жүр.  Жыл бойы сабаққа барған жоқ.  Бірақ диплом алып шықты. Қандай маман болып шықты деп қорқамын», - дейді әлгі жігіт. Ертең мұндай мамандар бізді емдейді, бабаларымызға сабақ береді, қауіпсіздігімізді қорғайды. Сондықтан рейтингі төмен оқу орындарын жабуды қолдау қажет»,- дейді ол.

 

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Баспасөз қызметі

Пікірлер