Қазақтың аяулы әншісі дүниеге келген күн

1468

40 жылдан астам уақыт өзінің әсем дауысымен тыңдармандарын таңқалдырудан жалықпайтын Роза Рымбаева  бүгін 63 жасқа толып отыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Роза Рымбаева – Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі,  көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы (барлығынан тек «Бас жүлде», «Парасат», «Құрмет», «Тарлан», «Астана», «Звезда созидания» ордендерінің иегері, Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры.

Қазақ эстрада жұлдызы, қазақтың маңдайына біткен әнші қызымыз Роза Рымбаева бүгін 63 жасқа аяқ басып отыр. Роза өз өмірін әнсіз елестете алмаса, біз сахнаны Розасыз елестете алмаймыз.

Кеңес одағына Розаның есімі "Алия" әнін орындаған соң кең тара бастайды. Сол кездегі Кеңес одағының жарық жұлдыздары София Ротару, Алла Пугачевадан кейінгі үшінші орынды талантымен талайды тамсандырған, қазақ қызы Роза Рымбаева алады.

Әншінің тағдыры ауыр болды. Ең ауыры 23 жыл өмірлік жары болған, әрі ұстазының өмірден өтуі. Роза қайсар мінезділігі мен тынымсыз еңбек етуінің арқасында бұрынғысынша халықтың ауялы әншісі, зор мақтанышы.

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы