ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ

3462
Adyrna.kz Telegram

ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы vedomosti.ru-ға сілтеме жасап.

Олар «Еуразиялық экономикалық одақ және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастаманың түйісуі» форумында халықаралық санкцияларға тәуелді болмау үшін, сондай-ақ валюта бағамының құбылмалығына байланысты орын алатын шығындардың алдын алу үшін осындай мәлімдеме жасаған.

«Мәселе АҚШ пен ЕО-дан саяси тұрғыдан бөлініп кетуде емес. Бүгінде халықаралық валюта қатынастарының жағдайы көптеген елдердің мүдделеріне сәйкес келмейді. Өзіміз бағасын қоймайтын құнмен саудаласу біздің компанияларға айтарлықтай шығын әкеледі»,-деді ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Сергей Глазьев.

Айта кетейік, қазіргі таңда ЕАЭО мен Қытай не ұлттық валютада, не жеке үстіңгі ұлттық валютада есеп айырысу жөнінде ақылдасуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер