Қазақстанда оппозициялық күш пайда болды

6872
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы қаласында елдің көптен күткен тілегі орындалды деп жазады «Адырна» ұлттық порталы  қоғам белсендісі Бесжан КҮМІСБЕКТЕГІНІҢ жазбасына сілтеме жасап.

Оппозициялық, демократиялық күштерді,белсенділерді,билікке наразы топтарды біріктірудің негізі қаланды. "Ел бірлігі" қозғалысы құрылды. Онлайн жүйесінде өткен жиынға Астанадан, Атыраудан, Оралдан, Семейден, Қарағандыдан күрес жолында жүрген азаматтар қатысты. Белгілі қоғам қайраткерлері, желтоқсандықтар, заңгерлер, бақылаушылар, азаматтық белсенділер алдағы сайлауларға қатысты өз ұстанымдарын айқындады. Олар сайлауға, партияларға, митингілерге қатысты заңдарды өзгертпесе, сайлауға халықтың қарсы болатындығын, мәжіліс пен мәслихаттың сайлаулары легитимді болмайтындығын мәлімдеді.

Балташ Тұрсынбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Гүлжан Ерғалиева, Ермұрат Бапи, Есенғазы Қуандық, Маржан Аспандиярова сияқты тәжірибелі, елге танымал биліктің қарсыластары қатарына жаңа толқын қосылды. Бұл бастама жалғасын тауып, қозғалысқа іштегі, сырттағы тұлғалар мен топтар шоғырланса, өзгерістің де ауылы қашық болмас. Бұл қозғалысты зиялы қауым да қолдап отыр. Ғаббас Қабышұлы, Софы Сматай, Темірхан Медетбек сынды көптеген қаламгерлер елді бірлікке бастайтын қозғалысқа сәт сапар тіледі.

Пікірлер