Шымкент: 39 көп қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

2664
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 70 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінде аталған көп қабатты тұрғын үйлердің 39-ында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 тұрғын үйде жұмыстар әлі де жалғасуда. Ал қалған 14 көп қабатты үй тұрғындардың өз есебінен жүргізіліп қойғандықтан жөндеу жұмыстарынан бас тартқан.

Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы тұрғын үйлердің лифттерін ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 6 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби алаңы №1А, Желтоқсан көшесі №32, Тәуке хан даңғылы, №32, Терешкова көшесі, №50А және Темірлан тас жолы бойында орналасқан №1, 1А үй) 12 лифт қондырғысы ауыстырылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер