Билл Гейтс Американың COVID-19 вакцинасына күмәндануда

2481
Adyrna.kz Telegram

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс АҚШ-та жасалып жатқан кейбір коронавирустық вакциналардың тиімділігіне күмән келтірді. Бұл туралы ол Yahoo порталы ұйымдастырған интернет-семинар барысында мәлімдеді, ­- деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Гейтс 2021 жылдың басында қазір сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатқан америкалық алты COVID-19 вакцинасының  сәтттілік болса, екі-үшеуі ғана жарамды болады деп болжады. "Егер қауіпсіздікке қатысты қандай да бір проблемалар туындаса, онда алтауының бір бөлігі іске асқысыз боп қалады",- деді ол. Мұндай жағдай кейбір дәрі-дәрмектер «пайдасыз» болғандықтан орын алуы мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен бірге Гейтс бұл вакцинаның ықтималдығы төмен екендігін де атап өтті.

Билл Гейтс күзде Америка Құрама Штаттарында коронавирустың таралуы өршіп, инфекция мен өлім жағдайлары көбірек болады, ал қысқы ауа райында жағдай одан да ауыр болады деп болжады. Оның пікірінше, жағдай жазға қарай реттеліп, АҚШ "өлім-жітімнің едәуір төмендеуін" қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде вакцина шығарып, ал 2021 жылдың екінші жартысында елдің көп бөлігінде мектептер өз жұмысын қайта бастай алады.

Сондай-ақ, Microsoft негізін қалаушы халықты COVID-19-ға тестілеу әдістерінің тиімділігіне күмән келтіріп, оларды "ақшаны ысырап ету"деп атады.

Бұған дейін Билл Гейтс коронавирустық пандемия 2022 жылы аяқталып, жағдай жақсарады деп мәлімдеген-ді.

Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы АҚШ-та жүргізілген коронавирусқа қарсы шаралардың көп бөлігін мүлдем пайдасыз деп атады. Ол денсаулық сақтау органдарына зерттеулер тым ұзақ уақыт жүргізіліп жатқанын және азаматтардың аз ғана шоғырына диагноз жасалатынын да айтты.

            Фото ашық  дереккөзден алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер