А.Сарым: «Дат» газетінің форматындағы сайлау болмайды (видео)

2597
Adyrna.kz Telegram

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Orda Life каналының «Ар-ұждан» жобасына сұхбат беріп, өзіне және елімізге қатысты мәселені сөз етті. Саясаттанушының айтуынша, Парламент сайлауы осы аптада жарияланады. Билік Қырғызстандағы революциядан қандай сабақ алды немесе қандай сабақ алуы керек?  Сондай-ақ алдағы Парламент сайлауына оппозициялық партия қатыса ала ма?

Саясаттанушының айтуынша, билік Қырғызстандағы жағдайға қатты мән беріп, алаңдап отыр. Сонымен қатар ол биліктің қазақтың мәселесі, ауыл мен урбанизацияға қатысты көзқарасы мен түсініктерінің өзгеріп келе жатқанын ескертті.

– Қырғызстандағы жағдай біздің ағайындар айтып жүргендей жақсы емес. Діни, криминалдық мәселелер бар. Жалпы біз Ақаев, Бакиев, Атамбаевты оңбаған деп ойламауымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, Қырғызстандағы жағдайдан біздің билік сабақ алады. Билік деген бір немесе екі адам емес қой. Қырғызстанның билігі не үшін жексұрын болады? Мемлекеттік құрылым мен саяси институттар әлсіреген.

– Қырғызстандағы жағдайдан билік сабақ алады дейсіз. Алайда алдағы Парламент сайлауына қатысатын бірде бір оппозициялық партия жоқ. Шынайы оппозициялық партия құрылмай тұрып, Парламент сайлауын өткізу билік өзі жиі айтатын эволюциядан – революцияға әкелмей ме?

– Астанада белсенді болып жүрген Бэлла қарындасымыздың партия құруға деген ниеті де қалмаған тәрізді, бақылаушыларды даярлайтын грант алып жұмыс істеп жатыр. «Оян, Қазақстан» қозғалысы ешқандай партияға жоламайтын анархистік топ. Ары кетсе 30-40 адамы бар анархистік бағыттағы идеясы Алматы қаласынан аспайды, Facebook пен Telegram әлеуметтік желісін игеріп алған ақпараттық сетка. Олар партия бола алмайды. Өкінішке қарай ма, жоқ әлде жақсылыққа орай ма, мен өзім қуанам.

Жанболат Мамай тек қана Батыс Қазақстан облыстарын аралап жүр. Оның Солтүстік не Шығыс Қазақстан облысында болды дегенін естімеппін. Партия құрамын деген соң Қазақстанның барлық жерінде болып, белсенді болуың керек. Біздің Қазақстанда белсенділіктің қандай екенін айтып отырмыз. Міне, алдағы 31 қазан күнгі митингтің қалай болатынын көрейік. Ресми рұқсат етілген, ешкімді ұстамайды, қамамайды деген митингіге қанша адам жиналды. Егер елдің ішінде наразылық нөпір күш болатын болса, оның лидерін қамаса...

Былай ұарасаңыз, Бішкекте лидер болған жоқ. Белоруссияда әлі күнге дейін лидер де, бағдарлама да жоқ. Бірақ жүз мыңдаған адам көшеде жүр ғой. Полициямен төбелесіп те, митинг сакйын 500-1000 адам қамалып та жатыр. Біз кейде өзіміздегі жағдайды әсірелей бермейікші, Құдай үшін.

–Яғни, сіздің ойыңызша, оппозициялық партияны құратын ешкім жоқ?

–Құрамы бар. Жастау біреу шығатын шығар немесе сырттан біреу келіп: "Жігіттер, әрқайсысымыз жеке-жеке талпынып көрдік. Қолымыздан боқ та келмеді" - деп айтатын. Айдос Садық деген азамат келіншегі екеуі халықты митингіге шақырды ғой. Оның бір ұнаған жері: "Біздің халық алдында беделіміз жоқ екен. Олай болатын болса, біз басқа мәселеге негіздейміз" деп айтты. Бәлкім сол сияқты өз-өзімізге сын көзбен қарау керек шығар. Өз-өзіне күліп қарап, өзіңді-өзің     сынай білуің керек. Ал сен өз-өзіңе семіріп отыра беретін болсаң, онда одан мәселе шешілмейді.

Қазір жеке партия құруға мүмкіндік бермейді. Еліміздегі белсенді азаматтар ерте ме, кеш пе белгілі бір партияның төңірегіне топтасып, сіз айтқандай шынайы оппозиция жасай алады, не болмаса шын бірігіп «Мына биліктің иттің етінен жек көреміз. Осыны заңды жолмен жеңетін «қозғалыс» керек. Ол үшін халықтың алдында шығып ант етейік. Ешкім өз жағына тартпайды. Ант су ішіп, мына жігіттер біздің басшыларымыз. Артынан қара сөз айтпаймыз. «А» десе – а , «б» десе – б  деп айтқан жеріне барып, митингке шығамыз, дауыс бер деген адамына дауыс беріп, бақылаушы боламыз. Тырнақ астына кір іздемейміз» деген әңгімеге келу керек сияқты. Я болмаса, көштен қала береді, қала береді.

– Тоқ етері, бұл сайлау ешқандай бәсекесіз «Нұр Отан» партиясының ықпалындағы партиялардың қатысуымсен өтеді. Солай ма?

– Бәсекені қалай түсінесіз? Міндетті түрде «Дат» газетінің форматындағы сайлау болмайды. Бірақ қазір «Нұр Отанның» рейтингісі бұрынғыдай емес екені анық. Басқа партиялар «Біз-ойыншық емеспіз. Бізге де дауыс керек» деп шықса жағдай өзгеруі мүмкін.

Жалпы ел ішінде кез келген партияға деген сенімсіздік бар. Осыдан қалай арыламыз? Кімдерді қоғам ішінен тарта аламыз. Балташ Тұрсынбаев, Жарылқап Қалыбай, Ринат Зайытов секілді және белгілі блогерлерді өз қатарына тартуға тырсады. Қазірдің өзінде қоғамның белді азаматтарын өз қатына тартуға қолқалап жүргенін білеміз.

Қазір жеке партия құруға мүмкіндік бермейді. Еліміздегі белсенді азаматтар ерте ме, кеш пе белгілі бір партияның төңірегіне топтасып, сіз айтқандай шынайы оппозиция жасай алады, не болмаса шын бірігіп «Мына биліктің иттің етінен жек көреміз. Осыны заңды жолмен жеңетін «қозғалыс» керек. Ол үшін халықтың алдында шығып ант етейік. Ешкім өз жағына тартпайды. Ант су ішіп, мына жігіттер біздің басшыларымыз. Артынан қара сөз айтпаймыз. «А» десе – а , «б» десе – б  деп айтқан жеріне барып, митингке шығамыз, дауыс бер деген адамына дауыс беріп, бақылаушы боламыз. Тырнақ астына кір іздемейміз» деген әңгімеге келу керек сияқты. Я болмаса, көштен қала береді, қала береді.

 

 

Серік ЖОЛДАСБАЙ

 

 

Пікірлер