Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін мұғалімнің басын алған

2051

16 қазан күні кешке Париж маңында мектеп мұғалімінің басы кесілді. Прокурорлардың айтуынша, Мәскеуде туылған 18 жастағы жігіт шабуыл жасаған, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі BBC News-тің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Француз билігінің мәлімдемесіне сәйкес, шабуылдаушы Абдулак Абуезидұлы А. Есімді азамат. Ол 2002 жылы 12 наурызда Мәскеуде дүниеге келіп, Францияда босқын мәртебесін алған.

Француздық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 47 жастағы мұғалім Сэмюэль Пати оқушыларға сабақ барысында Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын көрсеткеннен кейін оған қоқан-лоққы көрсетіле бастаған. Карикатураны сабақта көрсету бірқатар мұсылман ата-аналардың ашу-ызасын тудырып, олар мұғалімнің бұл әрекетін күпірлік деп санаған.

Полиция тарапқа жасалған шабуылды теракт ретінде тергеп жатыр.

Айта кетейік, кісі өлтіруге байланысты билік дағдарыс орталығын құрған. Франция президенті Эммануэль Макрон мұғалімнің қайтыс болған жеріне де барған. Президент шабуыл болған жердегі сөзінде: «Бүгін біздің бір азаматымызды өлтірді. Ол оқушыларға сөз бостандығы туралы үйреткені үшін құрбан болды», - деген.

Бұған дейін Мароккоға бара жатқан Францияның ішкі істер министрі Джеральд Дарманен жедел түрде қайта Парижге оралған.

Білім министрі Жан-Мишель Бланке өз твиттерінде: Мұғалімді өлтіру – бүкіл Франция Республикасына жасалған шабуыл, – деп жазды. Бланке  өзінің жәбірленушімен және оның отбасымен бірге екенін және исламдық терроризмге қарсы әрекет тек бірлік пен берік болуда екендігін атап өтті.

Парижде Ұлттық жиналыстың депутаттары қайтыс болған мұғалімнің рухына тағзым ету үшін орындарынан тұрып, жағдайды сұмдық террористік шабуыл деп жариялады.

 

Фото ашық дереккөзден алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы