Екі жастағы ұлын сатпақ болған ер адам ұсталды

3556
Adyrna.kz Telegram

Сұрхандария облысында екі жастағы ұлын сатпақ болған ер азамат ұсталды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы centralasion.org сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімшесіне Байсун ауданының тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше, 28 жастағы Денау ауданының тұрғыны Пулат Чориев екі жастағы ұлын 50 млн сумға (4,8 мың АҚШ доллары) сатпақ болған.

"Сол күні арнайы операция жүргізіліп, П.Чориев ұлын 2500 АҚШ долларына және 24 250 000 сумға сату кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін де хабарланғандай, Өзбекстанның құқық қорғау органдары бала сату ісіне байланысты бірнеше оқиғаны анықтаған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер