Шымкент: алғаш рет опера орындаушыларының онлайн-фестивалі өтеді

2419
Adyrna.kz Telegram

«Шымкент 2020-ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында опера орындаушыларының «Достастықтың опера жұлдыздары» атты онлайн фестивалі өтеді.

Фестиваль - ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейтіп, жаңа шығармашылық байланыстар орнату, классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, жастар арасында классикалық музыканы кеңінен таныту, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай әндерін кеңінен тарату мақсатында өтілмек.

Шымкент қалалық опера және балет театрының ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге ТМД елдерінен және Қазақстандық кез-келген опера орындаушылары онлайн форматта өз бейне түсірілімдерін жолдау арқылы қатыса алады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер