Алмалы ауданының жастар ресурстық орталығы базасында әнші, композитор, ҚР Жастар Одағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Композиторлар Одағының және "FIDOF"Дүниежүзілік Композиторлар қауымдастығының мүшесі Марат Омаровпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - таланттарды іздеу, жаңа шығармалар жазу және жастар арасында музыкалық шығармашылықты ілгерілету. Мотивациялық кездесу дәстүрлі әннен басталды, жастар авторға ән айтып, бір-біріне қошемет көрсетті.
Осы кездесуде Марат Омаров өзінің шығармашылық жолы, жақын арада, болашақта жүзеге асырғысы келетін бағдарламалары туралы айтып берді. Ол кастингтер өткізуді, балалар үшін продюсер болуды, жас таланттарға қолдау көрсетуді, шығармашылық болашаққа жол ашуды жоспарлап отыр. Композитор мен жас орындаушылардың мақсаты-шығармашылық алмасуды ұйымдастыру және Қазақстанның тарихы мен мәдениетін шет елдерде насихаттау. Бірнеше жыл бұрын Марат Омаров бірқатар елдердің жастарымен осындай концерттік кездесулер өткізген, онда тұрғындарды Қазақстанның салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен және әуендерімен таныстырды.
Кездесуге жастар келіп өздерінің армандары мен жоспарлары туралы пікір алмасты. Олар құрметті қайраткерді, оның идеяларын қолдады. Жастар композитордың жобалары қалай іске асырылғандығы және ең бастысы, ол осындай хиттерді қалай жасайтыны, идеялар қайдан шыққандығы туралы сұрғына жауап алды. Марат Омаров хитқа айналған "Коронавирус, кет, кет, кет" әнінің шығу тарихы туралы айтып берді. Сонымен қатар "Бақытты күндер, кел, кел, кел"атты жаңа жағымды, мотивациялық композициясын көпшілік назарына ұсынды.
Осыдан кейін барлығы жалпы шеңберге жиналып, хормен сүйікті "Анашым" әнін шырқап, бейнеролик түсірді. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының қызметкерінің туған күніне орай ән тарту етті.
Жылы кездесудің соңында Марат Омаров сөз сөйлеп, барлығына сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде балалар Қазақстандық орындаушыға осы кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Гүлвира Асқарқызы
"Адырна" ұлттық порталы