«Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының психологы жазасын өтеп жатқан жасөпірімдермен кездесті

2248
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  ЛА 155/6 мекемесінде  тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының жетекшісі Нәлібаев Бейбіттің ұйымдастырумен «Бас бостандығынан айыру орынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жоба» аясында, психология ғылымдарының кандидаты Жанна Яворская кәмелет жасқа толмаған  жазалы жасөспірімдермен кездесу өткізді. Психолог Жанна Яворская жазалы жасөспірімдермен сұхбат жүргізіп, сурет салдырып, салған суреттерінің мағыналарын ашып айтып берді.

Ол түсіну және кешіру, деген тақырыпта сұхбат жүргізді. Бас бостандығынан айырылған жасөспірімдерге бостандыққа шыққаннан кейін, алдарына мақсат қойып қоғамда өз орындарын табуына жол көрсетті. Ал қордың дизайнері, видеомейкері Сейдомар Батыржан өзінің жасаған мотиваицяилық суреттерін сыйға тартты. «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының жоба жетекшісі Бейбіт Нәлібаев осындай жобалар аясында бас бостандығынан айыру орында отырған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында көптеген көмек көрсетілгенін атап өтті. Тіпті карантин уақытында да ЛА-155/6 мекемесімен онлайн кездесу өткізіп, заңгерлік кеңес және психологиялық көмек, тіпті өнер саласындағы майталмандармен жарқын жүздесу ұйымдастырып, жасөспірімдермен онлайн түрінде, шеберлік сабақтарын өткізіп, балалардың көңілінен шыға білді. Жобаның аяқталуына байланысты өздері келіп, жасөспірімдермен арнайы кездесу өткізді.

Жобаның  мақсаты: Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, туған жер, туған тілі, дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу және бас бостандығынан айырылған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге арналған дейді жоба жетекшісі Бейбіт Нәлібаев. Кездесу соңында келген қонақтарға мекеменің САӘПТЖБ бөлімінің бастығы әділет майоры А.Бәзілбаева қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, болашақта да осындай кездесулер жиі  болатын айтты. Жастарды, әсересе, жасөспірімдерді жаман әдеттерден жирендіру арқылы, қоғамға пайдалы адам ретінде дұрыс тәрбие беру арқылы, қоғамда өз орындарын таба білуіне жол көрсету басты мақсат дейді А.Бәзілбаева.

 

                                                                    Е. Жеңісхан

                                                             

Пікірлер