Геппатит. Қара құрдым. Ашаршылық: 2020 жылы Нобель сыйлығы кімдерге бұйырды?

4220
Adyrna.kz Telegram

5-12 қазан аралығында 119-шы Нобель аптылығы өтті. Пандемияға байланысты желтоқсан айындағы марапаттау рәсімі телетрансляция арқылы өтеді. Биылғы іс-шара әдеттегідей үлкен деңгейде өтпейді. Нобель сыйлығын лауреаттарға жеке-жеке табыстау жоспарланған. Назарларыңызға Нобель сыйлығының 2020 жылғы иегерлерінің негізгі жаңалықтары мен жұмыстарына шолу ұсынып отырмыз.

Физиология мен медицина. Медицина және физиология аталымы бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы британдық ғалымдар Майкл Хоутон, Харви Альтер және Чарльз Райсқа бұйырған. Сыйлық гепатит С вирусын зерттегені үшін берілді. Ғалымдар қауіпті аурудың себебін тапқан. Нобель комитетінің хабарлауынша, олардың жұмысының арқасында С гепатиті вирусының қаупі жойылуы мүмкін.

Физика. Физика саласындағы Нобель сыйлығы екінші жыл қатарынан астрофизикадағы жаңалық үшін, нақтырақ бұл жолы қара құрдымды зерттегені үшін берілді. Сыйлықтың жартысы 1965 жылғы есептеулер үшін британдық Роджер Пенроузға берілді. Комитет бұл шешімді ғалым «қара құрдымның пайда болуы жалпы салыстырмалылықтың сенімді дәлелдегендіктен» бергендігін түсіндірді. Сыйлықтың екінші жартысын американ астрофизиктер Райнхард Генцель мен Андреа Гез Сүт жолындағы галактиканың орталығындағы өте үлкен, ықшам нысанды ашқаны үшін бөлген.

Химия. Химия саласындағы Нобель сыйлығы американ Дженнифер Дудна мен француз Эммануэль Шарпентьеға геномды редакциялау әдісін дамытқаны үшін берілді. Лауреаттар жасаған «генетикалық қайшы» өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің ДНҚ-сын салыстырмалы түрде тез және жоғары дәлдікпен өзгертуге көмектеседі. Ғалымдар бұл құрал қатерлі ауруларды, оның ішінде қатерлі ісік ауруларын емдеуге көмектеседі деп санайды. Биыл алғаш рет Химия саласындағы Нобель сыйлығын  бірден екі әйел алып отыр. Бұрын соңды тарихта мұндай оқиға болмаған.

Әдебиет. Йель университетінің профессоры Луиза Глюк ақындық шеберліктен сабақ береді, американ ақындар академиясын басқарады. Луиза Глюктің шығармашылығында  ­–  адам өсімдік тәрізді, бақтағы гүлдер сияқты. 1992 жылғы «Жабайы ирис»  – оның ең танымал жинақтарының бірі,  бұдан бөлек 1985 жылы «Ахиллес салтанаты», 1996 жылы «Мидов» және 1999 жылы «Вита Нова» сынды жинақтары шыққан.

Луиза Глюк өзін тек америкалық ақын ретінде анықтауды қаламайды. Соған қарамастан, оның шығармашылығына Нобель комитеті заманауи жалпы американ мәдениетінің кескінін көрсетеді деп бағалады.

Экономика. 2020 жылы Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары экономистер Пол Милгром мен Роберт Вилсон болды. Сыйлық бұл ойшылдарға аукцион теориясын жетілдіргені және жаңа аукцион форматтарын ойлап тапқаны үшін берілді. Нобель комитетінде түсіндірілгендей, аукциондар қазіргі экономикада өте маңызды және адамдардың өміріне тікелей әсер етеді. Күн сайын аукциондар арқылы астрономиялық ақша сатып алушылар мен сатушылар арасында қайта бөлінеді.

Мысалы, аукцион теориясы адам жылжымайтын мүлікті сатып алған кезде немесе оның электр энергиясы үшін төлемінің мөлшері қалыптасқан кезде жұмыс істейді. Сондықтан аукционның жаңа «дұрыс» форматтарын құру қазіргі заманда өте маңызды, деп түсіндірді экономика бойынша Альфред Нобель сыйлығын беру комитетінің жетекшісі профессор Питер Фредриксон.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы. Нобель комитетінің хабарлауынша, «қазіргі кезде халықаралық ынтымақтастық пен көпжақты ынтымақтастықтың қажеттілігі бұрынғыдан да зор». Аштықпен күресу, әсіресе қақтығыс аймақтарында және аштықтың әскери құрал ретінде қолданылуын болдырмауға бағытталған іс-қимылдар үшін марапат азық-түлік қауіпсіздігіне арналған әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына берілді.

Өткен жылы оның қызметкерлері мен еріктілері әлемнің 88 елінде жұмыс істеген. Ұйымның мәліметінше, 2019 жылы әлемде 135 миллион адам аштықтан зардап шеккен. Мұндай жағдай ұзақ жылдар бойы болмаған. Ал коронавирус жағдайды одан сайын нашарлата түскен. Норвегиялық Нобель комитетінің төрағасы Рейсс-Андерсен: «Бізде вирусқа қарсы вакцина болмайынша, тамақ хаосқа қарсы ең жақсы вакцина болып қалмақ», - дейді.

Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, марапат «халықтарды біріктіру мен белсенді армияларды тыйюға ат салысқан, сондай-ақ бейбітшілік конгресстерін өткізіп, оларға назар аудару үшін ең үлкен жетістікке жеткен немесе өзгелерге қараған көп нәрсе жасағандарға» беріледі. Алдыңғы екі жылда бейбітшілік сыйлығы Африка құрлығына берілді.

Фото ашық дереккөзден алынды 

Айжан ҚҰРМАНБАЙ,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер