Коронавируспен ауырғандар қараша мен желтоқсанда қайтадан ауыруы мүмкін - Цой

6019
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі  Алексей Цой ОКҚ-де коронавируспен ауырғандар оны қайта жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Сол себепті  желтоқсанда коронавирустың екінші толқыны басталуы ықтимал.

 

"Зерттеулерге жүгінсек  коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған адамдардың ағзасында антиденелер 1 ай ғана сақталады.  Коронавирустың орташа немесе ауыр түрімен ауырғандарда антиденелер 3-5 ай сақталады. Қазақстанда коронавирус маусым-шілде айларында өршігендіктен, 3-5 ай деп есептегенде, қараша-желтоқсан айларында коронавируспен ауырғандардың ағзасында антиденелер күшін жояды. Сондықтан қайтадан ауырып қалу қаупі бар.

Маусымдық инфекциялардың стратификация ықтималдығын азайту және коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына байланысты  15 қыркүйектен бастап мақсатты топтарға вакцина егілуде. Ол үшін 2,2 миллион доза тұмауға қарсы вакциналар сатып алынды. Қазіргі уақытта 1,8 миллионға жуық адамға вакцина егілді. Егу жұмыстары  аптаның соңында аяқталады. Вакцинаны республика тұрғындарының 11 пайызына ектік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қамтудың ең төменгі шегі - 10 пайыз,"- деді Алексей Цой.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер