Шымкентте оқушыларды интернетпен қамтамасыз етуге 235 млн теңге бөлінді

2172
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

- Барлық білім беру ұйымдары интернетке қосылған. Оған 235,9 миллион теңге бөлінді. «Қазақтелеком» АҚ-мен интернет жылдамдығын секундына 8-ден 12 мегабайтқа дейін арттыру туралы келісімшарт жасайтын боламыз. 18 461 отбасыдан 31 798 бала интернет-байланысына мұқтаж. Оның ішінде 17 701 отбасыға «Bilim al» трафигі қосылған SIM-карталар берілді, ал 760 отбасының үйлеріне кабельдік интернет жүргізілді, - деді ол.

Айта өту керек, үшінші мегаполисте 224 618 бала қашықтықтан оқып жатыр. Оларды техникамен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңға дейін 33 840 компьютер берілді. Оқушылар қажеттілігі үшін компьютер тарату әлі де жалғасу үстінде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер