АҚШ Әділет министрлігі мен Бас прокуратурасы монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы істі тергеу аясында Google-ге қарсы сот ісін дайындап жатқандығы белгілі болды. Егер компания кінәлі деп танылса, онда олар өздерінің Chrome браузерін және пайдалы жарнама бизнесінің бір бөлігін сатуға міндеттелуі мүмкін.
Бұл іс бойынша тыңдаулар алдағы апталарда басталады деп күтілуде. Монополияға қарсы тергеудің нәтижесі соңғы онжылдықтағы алғашқы американдық компанияның сот шешімі бойынша бөлінуіне ықпал болуы мүмкін. Politico порталы хабарлауынша, Google-дің 162,3 миллиард долларға бағаланатын сандық жарнама нарығын бақылауды азайту нұсқалары әлі талқылануда және осы мәселе бойынша нақты шешімдер әлі қабылданған жоқ. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Әділет министрлігі мен прокурорлар жарнамалық технологиялар бойынша сарапшыларға, Google бәсекелестеріне, Google-дің жарнама нарығындағы позициясын қалай әлсіретуге болатындығы туралы ұсыныстар алу үшін жүгінген.
Ақпарат Politico порталынан алынды