Рахмон сайлауда алдын ала нәтиже бойынша жеңіске жетті

2708
Adyrna.kz Telegram

Жексенбіде өткен президенттік сайлауда Эмомали Рахмон алдын ала нәтиже бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі президент Эмомали Рахмон президенттік сайлауда 90,92 % дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 4 миллион адамға жуықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстанда өткен сайлауға бес кандидат қатысқан.

Елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан Рахмон үшін бұл бесінші сайлау болатын. Сайлау барысын ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің бақылаушылары қадағалады. Олардың мәліметі бойынша, заңбұзушылықтар тіркелмеген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер