Оқушыларға уәде етілген ноутбуктер пен планшеттер әлі жеткізілмеген

3337
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында қашықтан оқып жатқан оқушыларға уәде етілген ноутбуктер мен планшеттер әлі жеткізілмеген, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Қыркүйектің онына дейін әкеліп, таратылуы тиіс болған техникадан әлі күнге дейін хабар жоқ. Амалы таусылған білім басқармасы енді мердігерлерді сотқа бермекші. 19 мың ноутбук, 3 мың компьютер мен планшеттерге облыс бюджетінен 1 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек республикалық қазынадан шамамен 3 млрд теңге беріліпті. Қомақты қаржыға үш бірдей мердігер қажетті техниканы жеткізіп беруді мойнына алған.

«Келісім-шарт бойынша 10 қыркүйекте жеткізулі тиіс техникалар кешіктіріліп жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес, біз мердігерлерді сотқа береміз. Оларға тауарларды уақытында жеткізбегені үшін міндетті түрде айыппұл салынатын болады»,-деді Ақтөбе облысы білім басқарма бастығының орынбасары.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер