Цифрлық даму министрлігі екі бірдей жаңа сервисін іске қосты

5003
Adyrna.kz Telegram

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі bailanys.bar сервисі мен kaspi.kz ЖК сервисін іске қосты.

Алғашқысының, яғни bailanys.bar сервисінің басты міндеті - еліміздегі интернет жылдамдығы төмен жерлерді анықтау болса, ЖК сервисі құжаттарды қашықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтуға арналған.

bailanys.bar сервисін қазақстандық  BTS Digital  цифрлық компаниясының мамандары әзірлеген. Оны PlayMarket пен App Store-ден жүктеп алуға болады.

Мамандар аталған жобаның интернет сапасын жақсартатынына сенімділік білдіріп отыр.

Мәселен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқовт: «Бұл сервис - қажетті шара. Біздің елде интернеті жоқ немесе жабыны әлсіз аймақтар бар екенін түсінеміз. Мұндай аймақтар аз емес және біздің негізгі міндетіміз осындай орындар санын барынша азайту. Осы қолданбалы бағдарлама бізге желінің сапасы, интернет жылдамдығы бойынша барынша объективті деректер алуға және ағымдағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді. 

Владимир Фидлер,  bailanys.bar сервисінің жетекшісі: 

«Біздің басты міндетіміз – интернет жылдамдығы бойынша ең төмен өңірлерді анықтау. Деректер неғұрлым көп жиналса, жағдайды түзету үшін шаралар дәлірек болады. Біз барлық қазақстандықтарды тексеруге қатысуға шақырамыз. Мұнда күрделі ештеңе жоқ, желіні бірнеше рет басу арқылы бақылауға болады».

Енді қазақстандықтар көрсетілген сілтемелер бойынша bailanys.bar сервисіне өтіп, интернет жылдамдығын тексере алады. Бұл жағдай әсіресе қашықтан білім алып жатқандар үшін өте қажетті дүние.

Сервистің алғашқы кезеңіндегі жоспарға сәйкес, интернеттің қолжетімділігі анықталады. Ал екінші кезеңінде өтініш жіберу функциясы іске қосылады. Яғни, интернет пайдаланушылар оның жылдамдығына қатысты нақты шағым жібере алады. Өтініштер тікелей Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне түсіп, осында қаралатын болады.

Енді kaspi.kz сервисінің артықшылығына тоқтасақ. 

Соңғы жылдары қазақстандықтардың көпшілігі kaspi.kz қосымшасын пайдаланып жүргені белгілі. Осы орайда Цифрлық даму министрлігі біргей сервисті іске қосу арқылы  моральдық тұрғыдан ескірген Egov қызметінің жұмысын айтарлықтай азайтып, мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі жұмысқа жаңа мүмкіндіктер жасамақшы. Яғни, енді қазақстандықтар аталған сервис арқылы мемлекеттік қызметтерді өздеріне ыңғайлы жолдармен ала алады.

ЖК сервисін тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті.

Дереккөз:  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер