Берік УӘЛИ: Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі

2790
Adyrna.kz Telegram

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды»,-деді ол.

Еске сала кетейік, Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингке шығып, «Ақ үйге»басып кірген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер