Праймериз: Ақтөбелік партиялықтар онлайн дауыс берудің тиімді екенін айтты

990

Өңір нарығында өзіндік орыны бар «Айс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі партия мүшелері де праймеризден шет қалып жатырған жоқ. Он жыл бұрын кәсіпорынға қарапайым жұмысшы болып кіріп, қазіргі таңда цех шебері болып отырған Ерболат Жасжанов партияішілік сайлаудың маңызды екенін айтты. Ол бастамасы мен бағдарламасы ұнаған кандидатқа өзіндік таңдауын  жасаған.

«Праймериз додасына түсіп жатқан үміткерлер түрлі мәселелерді көтеріп, атқарылуы керек жұмыстарды атап айтып жатыр. Тұрғындарды толғандырып жүрген жайттарды қозғап, шешімін де ұсыныс ретінде жеткізуде. Қоғамда болып жатқан мәселелерге бей-жай қарамай, оны көтеріп жатқан үміткерлердің бастамасы мені қуантты. Партиямыздың лайықты көшбасшылары анықталып, нәтижелі жұмыс атқаратынына толықтай сенімдімін», - дейді  Ерболат.

Сонымен қатар, дауысты онлайн арқылы беру уақытты үнемдеудің және соңғы жағдайларға байланысты адамдардың денсаулығы үшін тиімді екенін айтты.

«Онлайн дауыс беру біз үшін тиімді болып тұр. Жұмыста болғандықтан арнайы сайлау учаскесіне барып, таңдауымызды жасау уақытымызға сәйкес келе бермейді. Қызметімізді атқарып жүріп primaries  мобильдік қосымша арқылы дауысымызды бердік. Бір жағынан елімізде барып жатырған соңғы төтенше жағдайларға байланысты ерекше түрде ұйымдастырылған», - дейді ол.

Ал ауылдан таңдауын жасағандардың бірі -Мәлік Сәрсенов. Ол Достық ауылының мектебінде мұғалім. Қосымша шаруашылықпен айналысып, қоян және қой басын көбейтіп отыр.

«Еліміздегі қазіргі жағдайды ескере отырып онлайн дауыс беруді ұйғардым. Бәрі тиімді ұйымдастырылған. Ауылдықтар өте риза. Ешқайда сабылып жүрудің қажеті жоқ. Әркім өз үйінен таңдауын жасай алды. Мысалы, мен аудан экономикасына пайдасын тигізер, саяси-қоғамдық өмірде ойып тұрып орын алар белсенділердің жеңіске жетіп, ел игілігі үшін дауыс бердім», - деді ол.

Ал ең шалғай аудандардың бірі – Шалқардан жас маман Алтынай Нұрланова дауыс беріпті. Уақытқа да, жердің шалғайлығына да қарамастан тиімді жүйемен дауыс бергеніне дән риза.

«Өзім ағылшын тілінің мұғалімімін. Шетелдің озық тәжірибесінен хабарым бар. Елімізде праймериз өтетінін естігенде елең еттім. Жаңалықтарды әлеуметтік желіден бақыладым. Ұялы телефоныма «Праймериз» қосымшасын жүктеп алып, дауыс беруді асыға күттім.  Онлайн дауыс беру қызықты әрі таңдаған кандидатыма тезірек қолдау білдіргім келді», - деді ол.

Пікірлер
Редакция таңдауы