«Көлсай көлдері» ЮНЕСКО-ның әлемдік биосфералық резерваттар тізіміне кіруі мүмкін

5362
Adyrna.kz Telegram

«Көлсай көлдері» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі ЮНЕСКО-ың бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы 30 қыркүйекте Экология министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен өткен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің даму тұжырымдасының таныстырылымы барысында айтылды.

«Кеше Париждегі біздің дипломаттарымыз «Көлсай көлдерін» ЮНЕСКО бүкіләлемдік резерваттар қатарына қосу туралы өтініш бергенін хабарлаймын. Бір жыл ішінде өтінішке баға беріледі. Шамамен келер жылдың маусым айында шешім қабылданады», - деді ЮНЕСКО «Адам және биосфера» қазақстандық ұлттық комитеттің төрағасы, зоология институтының бас директоры Роман Ященко жиын барысында.

Оның сөзінше, ұлттық парк аталған тізімге кіру арқылы халықаралық дәрежеге көтеріледі. Әлемдік қауымдастық алдында экожүйені сақтауға қатысты жауапкершілік артады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер