Қазақстанда қазан айында қандай өзгерістер болады?

3743
Adyrna.kz Telegram
Қазақстанда  қазан айына жоспарланған бірқатар өзгерістер енгізілді,-деп хабарлайды Adyrna.kz Dauletten.kz сайтына сілтемес жасап. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әуе рейстерін тоқтатуды ұсынып, карантин шаралары күшеюі мүмкін екенін айтты. Назарларыңызға қазан айына жоспарланған шараларды ұсынамыз.
2006 жылы шыққан банкноттарды айырбастау тоқтайды

Ұлттық банк қазан айынан бастап 2006 жылы шыққан ескі ақшаларды қабылдауды тоқтатады. 2 мың, 5 мың, 10 мың теңгелік банкноттарды айырбастау уақыты аяқталады.

Қазақстан шетелге әуе рейстерін тоқтатады

5 қазаннан бастап елімізде басқа елдерге ұшатын әуе рейстері тоқтап, Түркияға ұшатын рейстер саны қысқаруы мүмкін. Алексей Цой өзге мемлекеттердегі жағдайды ескеріп, рейстер санын азайтуды талап етті.

Алматыда қоғамдық көлік уақыты ұзартылады

Алматы қаласында автобустар сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүретін болады. Сонымен қатар, сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктер өз жұмысын жалғастырады. Жолаушылар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуға міндетті.

Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

Қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайды.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

№1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;

№11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;

№31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;

№603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

Мәжіліс сайлауы

Осы айда парламент сайлауының өтетін күні айтылуы мүмкін. Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Заң бойынша Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Оңтүстік аймаққа жылу беріледі

Бүгіннен бастап Ақтөбе мен Атырау облысына жылу қосылды. Жоспар бойынша 15 қазаннан бастап оңтүстікке жылу беріледі.

Пікірлер