Горбачев: КСРО құламағанда...

4619
Adyrna.kz Telegram

КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачев британиялық The Times газетіне таяуда берген сұхбатында: Кеңес Одағы құламағанда, әлем әділетті, қауіпсіз және тұрақты болар еді, - деп айтқан.

Ол КСРО-ның құлауын қаламағанын, бірақ радикалдар мен сепаратистер 1991 жылы сәтсіз төңкерістен кейін салдары туралы ойламай-ақ одақтың өмірін аяқтағанын да атап өткен.

Сондай-ақ: «Егер Одақ сақталса, әлемнің жағдайы қалай болар еді? Тарих негізгі оқиғаны білмейді. Менің ойымша, әлемнің жағдайы жақсы болып, тұрақтылық, қауіпсіздік, әділет сақталатын, - деп қосқан.

Горбачев сонымен бірге елдің күйреуіне қайта құру саясаты әсер етпегеніне сенімді екенін білдірген. Ол өзінің реформаларды кешеуілдету, орталықсыздандыру мен әлсіз экономикалық саясат салдарынан бірқатар қателіктерге жол бергенін мойындап, соның салдарынан КСРО құлады деп санайтынын да айтқан.

Бұрынғы саясаткер биліктегі басты жетістіктерінің бірі ретінде қырғи қабақ соғысты тоқтатқанын, ядролық қарусыздану туралы келісім жасауды, елден кету бостандығын және сөз бостандығына шектеу қоймағанын атаған.

Сұхбат барысында бұрынғы Кеңес лидері РФ-ның қазіргі президенті В. Путинге елдің қазіргі жағдайына байланысты кеңесін берген. Ол әлемде алаңдатарлық жағдай туындағанын және жаңа қару жарысының қаупі өте жоғары екенін атап өткен. Әлемнің тұрақтылығы үшін ол Мәскеу мен Вашингтон арасындағы диалогты қажет деп санайды.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер