Шымкент: "BESKUDUKTAS" ЖШС - Маржан тастарын өңдейтін көшбасшы кәсіпорын

2617
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін атап өткен болатын. Бүгінде Шымкент қаласындағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан жобалардың бірі - «Бесқұдық тас» зауыты.

Қазіргі таңда маржан тастарын өңдейтін көшбасшы, әрі өзінің шикізат және өндірістік базасы негізінде құрылған заманауи кәсіпорындардың бірі. Онда дайындалған травертин құрылыс материалдары Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне, ескерткіштер мен мүсіндерге қолданылуда.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 100 миллионнан аса тас өңдейді. Бұл жылы өндіріс көлемін 200 миллион данаға жеткізуді жоспарлап отыр. Өнімнің 80 процентін еліміздің ішкі нарығына, 20 процентін Еуразиялық экономикалық одақ елдерге өткізеді.

Өндіріс орнында 92 адам тұрақты жұмыс жасайды. Мекеме басшылары алдағы уақытта жұмысшылар санын көбейтіп, өзге қалада да филиалдарын ашуды көздеп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер