Министр мен Қазақтелеком басшысы ауылдарда не істеп жүр?

2823
Adyrna.kz Telegram

   Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мен Қазақтелекомның басшысы Қуанышбек Есекеев ауылдарды аралап жүр. Мақсаттары – ғаламтор жылдамдығы нашар, қолжетімсіз аймақтардағы мәселені шешу. Осыған орай, «Адырна» ұлттық порталы әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізіп, ел тұрғындарының арызына құлақ түрді.

Елдегі интернет жылдамдығына көңіліңіз тола ма деген сауалымызға желі қолданушыларның өте аз бөлігі «Иә, толады» десе, дені байланыстың нашарлығын, тіпті, кейбір өңірлерде байланыс жоқтығын айтып шағымданды:

  Мен өзім ұстазбын. Екі балам мектепке барады. Үйде Wi-fi жоқ. Ай сайын 8 мың теңгеге единица саламыз. Қазпоштаға интернет қоюға өтініш қалдырғам. 1-2 күнде келеміз деп келмеді. Қолымда енем бар. Батыр ана. Екі күннің бірінде ауырады. Ақмола облысы, Есіл ауданы, Свободный ауылы.

  Интернет жоқ ауылдар емес, мүлдем байланыс жоқ ауылдар бар. Интернет әрбір 3-ші ауылда жоқ.

  Вай-фай бар. Сонда да интернет нашар. Күнделік.кз толтыр дейді. Айналып тұрып алады. Онлайн курсқа қатыс, баланы оқыт дейді. Интернет нашар болса қиын, жүйкең жұқарады екен.

  Ауыл түгілі қаланың өзінің қатып жатқаны шамалы. 42 баладан, 13-і ғана сабаққа қатысуда. Қалғаны ше? Қалғанының мүмкіншілігі жоқ. Қалай білім алмақ?

  Аудан, ауылды қайдам? Шымкент қаласында тұрып интернет жақсы ұстамайды. Билайн сеть жоқ. Сөйлесуден де қалдық.

  Қаладан 30-40 метр шықсаң болды интернет нашар. Интернет былай тұрсын байланыс ұстамайды. Хабарласа алмайсың.

   Биғаш ауылы, Ескелді ауданы. Оқушылар төбеге жиналып интернет іздейді. Ол жер – желдің өті. Балаларға обал.

   Ауылда интернет жоқ дейсіздер. Ауыл түгілі Алматы түбіндегі Бесағашқа қарасты 6-ой участок деген жерде интернет жоқ. Балаларымыз зумға кіру үшін тентіреп ағайындарымыздың үйінде жүр. Интернет жүргізу үшін 35 миллион теңге керек дейді. Ондай ақшаны халықтың жағдайы көтермейді. Өтініш көмектесіңіздер!

Бұл – тұрғындар арызының бір парасы ғана. Интернеттің қолжетімсіздігі  қала сыртындағы аудандардан бөлек, ауылдағы, көптеген шалғай елді мекендердегі ағайынға қолбайлау болып отырғанын аңғардық. Бұл мәселеге Бағдат Мусин мен Қуанышбек Есекеев мырзалар да атүсті қарамай, арыздарды ескеріп, қарашаның мәселесін оңтайлы шешуге білек сыбанна кірісе екен.

 

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

 

Пікірлер