Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың туған күні

2088
Adyrna.kz Telegram

53 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Азат Тұрлыбекұлы Перуашев дүниеге келді.

Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы, ғылым кандидаты.  1984 - 1991 жылдары - М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы); 1995 - 1996 жылдары ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы); 1998 - 2000 жылдары - Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы); 2011 ж. - РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты. Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастаған. 1991 ж. - Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1992 - 1995 жылдары - Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996 - 1998 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1998 - 2005 жылдары - «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті. 2006 ж. - Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006 - 2011 жылдары «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден - «Ақ жол» ҚДП төрағасы. 2012 жылғы қаңтардан - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі. 2016 жылғы наурыздан қазіргі қызметінде. ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2008 ж.) марапатталған, «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 жылы).

Пікірлер