ҰБТ кезекшісі талапкердің телефон қолдануына мүмкіндік жасаған (видео)

2415
Adyrna.kz Telegram

ҰБТ кезінде кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын фотоға түсіруге көмектескен. Бұл туралы "Адырна" тілшісі Дидар Смағұловтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды.

Қараңыздаршы, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын.

Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз, - дейді Дидар Смағұлов

 

ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының  нәтижесі жойылған. Олардың 97-сі грант иегері атанған. Нәтижесі жойылғандардың  ішінде 138 балл алған түлек те бар екен.

Осы іске байланысты, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегері атанады.

Грантқа иелік еткен түлектер алдағы уақытта хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрлігінің мамандары бұған дейін бейне бақылау камераларының тексерілетінін хабарлаған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер