Алматыда оба ауруы тарап жатқаны рас па?

2184

Алматылық тұрғын әлеуметтік желілердің бірінде Науаи көшесіндегі бір тұрғынүйдің пәтерінде оба ауруымен ауыратын адамдар бары туралы жазған деп хабарлайды Nur.kz. Бұл туралы дәрігерлерге хабарламақ болған ол: «Ақпаратты қабылдаған диспетчерлер қолдарынан ештеңе келмейтінін айтып, сәттілік тіледі де, телефон тұтқасын қоя салды» деп жазады.

Дәрігерлер тарапынан тиісті әрекет болмаған соң, алматылық келіншек әлгі аты жаман індетке шалдыққандардың қай пәтерде екенін анықтамаққа өзі кіріседі. Алайда оның қаққан дабылы жалған болып шығады. Қызмет көрсету және тауар сапасын бақылау комитетінің өкілдері айтылған мекенжай бойынша тексреу жүргізіп, ешқандай да оба ауруымен ешкім ауырып жатпағанын анықтады. Жұртты дүрліктірген ақпараттың шығуына орыс тілін түсінбеген подъезд тазалықшысы себеп болған.

29 тамызда құрылыс қоқыстарын жинауға көтерілген тазалықшыны подъезге жібермей: «у меня оба ребенка болеют» деген келіншектің сөзін дұрыс түсінбеген тазалықшы «оба» сөзін өзінше қабылдап, дабыл қаққан екен.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы