Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» атты конференция өтті

1731

Қазақстанның ғылыми-зерттеу Институттары мен Орталықтары ұлттық тарихты тұтастай көруді қалыптастыру, тарихи жадыны, сабақтастылықты сақтау және ұқсастылықты қалыптастыру мақсатында, 2018-2020 жж. «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» атты пәнаралық ғылыми бағдарламаны іске асырды. Үш жылдық зерттеулер нәтижесі бойынша тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелеріне қатысты жаңа теориялық-методологиялық тәсілдер мен тұжырымдар әзірленіп, қорытынды конференция аясында айтылып өтті.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

  • Ұлы даланың этногенезі және этникалық тарихы;
  • қазақ мемлекеттілігінің тарихы;
  • Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты Бағдарламалық мақаласы мен 2018-2020 жж. арналған ҚР БҒМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы контексінде тоғыз ғылыми-зерттеу институты мен орталығы: ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы; ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты; ҚР БҒМ ҒК Ә. Марғұлан атындағы Археология институты; Жалпы генетика және цитология институты жанындағы Популяциялық генетика зертханасы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Халықаралық «Геоархеология» ғылыми-зерттеу зертханасы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Дүниежүзі тарихын зерттеу» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы; Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Айтылған тарих» Ғылыми-зерттеу орталығы; М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті РМК жанындағы Республикалық Физикалық антропология зертханасы «Ұлы Дала тарихы және мәдениеті» пәнаралық ғылыми Бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарлама алғаш рет пәнаралық дәрежеде жүзеге асырылуда және Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту туралы идеясын жүзеге асыратын қоғамдық-гуманитарлық саладағы нақты нәтиже болып табылады.

«Ұлы Дала тарихы және мәдениеті» бағдарламасы негізгі төрт бағытта орындалуда: этногенез және этникалық тарих; қазақ мемлекеттілігінің тарихы; Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру; ұдайы әрекеттегі онлайн-платформа жасау.

Бағдарлама нәтижелері білім, ғылым және мәдениет салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу, сәйкес министрліктер мен ведомстволардың практикалық сұратуларын орындау бойынша ұзақ мерзімді ұсынымдарды қалыптастыруға жәрдемдесетін Қазақстандағы білімді дамытуға ендіру үшін қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, жаңадан айқындалған тарихи архив материалдары жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептер, оқулықтар мен оқу құралдарына арналған бағдарламаларды құрастыру кезінде пайдаланылады.

Бағдарламаның ғылыми тұжырымдарының болжамдық-аналитикалық тәсілі мен ұсыныстық сипаты ел егемендігі мен халықтың сана-сезімін нығайтуға, Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға пайдалы болуы мүмкін. Бірқатар шығыс және батыс елдерінің зерделеу ғалымдардың Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты бойынша ұсынымдық шаралар жасауына мүмкіндік береді.

Ұлттық тарихты тарихи жад, сабақтастылық, Қазақстан халқының ұқсастылығын қалыптастыру түріндегі зерттеулер қазақ мемлекеттілігінің тарихын қалпына келтіріп, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын тұтастай көруді қалыптастыруға себепші болады. Тұтастылық пен жүйелілік барынша толық белгіленеді, өйткені, біздің тарих – көнетүркі мемлекеттері мен қазіргі Қазақстан тарихы – бір тізбектің буындары екендігін білдіреді. Демек, ең көне мемлекеттер тарихының қазіргі тарих тәрізді маңызы бар.

Дүниежүзілік жүйедегі Қазақстан Республикасының рөлі мен алатын орнын зерделеудің кешенді сипаты мен пәнаралық тәсілінің Шығыс пен Батыс өркениеттерін зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жобаны орындаушылар мемлекеттілік, көшпелілертану, халықаралық қатынастарды зерделеуде түбегейлі жаңа тәсілдерін әзірлеп, тарихи процестерге қайта ойлап қарауда.

Зерттеулердің түпкі нәтижесі іргелі жинақтаушы еңбектер мен монографиялар, Мемлекет Басшысына Баяндама түріндегі нәтижелік кешенді есеп, шетел және қазақстандық ғылыми журналдардағы жарияланым түрінде ұсынылады.

2019 жылы Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы мен Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесе отырып, шетел сарапшылары қатысқан, «Ұлттық тарихтың кеңістігі мен уақыты» атты ғылыми семинар өткізді. Семинар жұмысына «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» бағдарламасын орындаушылары, ҚР академиялық және білім мекемелерінің өкілдері, шетел сарапшылары (проф. Анна-Мари Вилемено, д-р Татьяна Сирбу, Лувэн Университеті, Бельгия) қатысты.

2019 жылы Орталық Азияны зерделейтін Еуропалық қоғамдастықтың (ESCAS) 16th Biennial Conference «The Globality of Central Asia» атты халықаралық конференциясында ғылыми бағдарлама ұсынылды. Бағдарламаға қатысушылар жаңа ғылыми бағдарламасын ұсынатын «Жаһандық тарих контексіндегі Ұлы Дала» атты арнайы панелін өткізді.

 

2019 жылы, бағдарлама аясында Бельгия, Жапония, Ресей сарапшылары қатысқан Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына халықаралық ғылыми экспедиция жүргізілді. Экспедиция барысында, ғалымдар Ақбауыр және Берел қорғандары мегалиттік кешені (Шығыс Қазақстан облысы) аумағында, Ақкелін тарихи-мемориалдық кешені және М.Ж. Көпеевтің кесенесінде (Павлодар облысы) түздік жұмыстар жүргізді. Осылардың нәтижесінде, сарапшылар тарихи ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізу ұсынысын жасаған дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұл іс-шаралар қазақстандық ғылымның имиджі мен оның бәсекеге жарамдылығын арттыруға себепші болады.

Бағдарламадан алынған нәтижелер монографиялар, құжаттар жинағында, хрестоматияларда, кітап-альбом, кітап-каталог, сөздіктер, оқулықтар мен оқу құралдарында жарияланды.

Қазақстандық ғалымдарды әлемдік ғалымдар қауымдастығыныа интеграциялау мақсатында, бағдарлама нәтижелері шетелдік рецензияланатын журналдар (Scopus, Web of Science, ThomsonReuter, РҒЦИ) мен ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми журналдардағы мақалалардан орын алды.

Ғылыми жұмысты кеңінен жаю үшін, аралық нәтижелер бағдарламаның Ұдайы әрекеттегі онлайн-платформасында баяндалады, бұқаралық ақпарат құралдарында (газеттер, теледидар) жарияланып, ғалымдардың әлеуметтік желілерінің беттерінен ұдайы жарық көріп отырады. Бағдарлама жұмысының нәтижелері ықтимал пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы мен қалың жұртшылық арасына ақпараттық онлайн-платформа құралдары арқылы жайылады.

«Ұлы Дала тарихы және мәдениеті» атты қорытынды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына шетелдік және қазақстандық ғалымдар – археологтар, тарихшылар, шығыстанушылар, генетиктер, антропологтар, этнографтар, сонымен қатар, академиялық институттар, архивтер, музейлер мен жоғары оқу орындарының өкілдері жаңа білімдер және зерттеу жұмысы тәжірибесімен алмасу үшін қатысты. Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Сирия, Үндістан, Қытай, Жапония, Израиль, Германия, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-тың 80-нен астам ғалымы онлайн-баяндама жасады. Үш жылдық зерттеулер нәтижесі бойынша тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелеріне қатысты жаңа теориялық-методологиялық тәсілдер мен тұжырымдар әзірленіп, қорытынды конференция аясында айтылып өтті.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы