Шоколадтың біз білмейтін қандай пайдасы бар?

6301
Adyrna.kz Telegram

Шоколадты жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Какао ұнтағынан жасалатын кондитерлік өнім ең алғаш Америкада пайда болған. Назарларыңызға шоколадтың адам ағзасына тигізер пайдасын ұсынамыз.

Шоколад жүрекке пайдалы

Кембридж университеті жүргізген зерттеулерге сәйкес шоколадты жеп тұру жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін үш есе азайтады.

Көңіл-күйді көтереді

Шоколад жасау үшін қолданылатын какао бұршақтарында магний бар. Ол стресс пен депрессияны жеңуге көмектеседі, алаңдаушылық сезімін жояды.

Арықтауға көмектеседі

Шоколадты құрайтын ингредиенттер метаболизмді жақсартады. Ол жасуша қуатының тиімділігін арттырады және жиналған майларды бейтараптандырады.

Есте сақтау қызметін жақсартады

Итальяндық ғалымдар қарттарға шоколадты көп жегізу арқылы зерттеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде қарттардың есте сақтау қызметінін жақсарып , мәселелерді шешу жылдамдығынын артқанын анықтады.

Шоколад - жөтелге арналған керемет дәрі

Ғалымдар шоколадта кездесетін теобромин барлық жөтелге қарсы дәрі-дәрмектерде кездесетін кодеинге қарағанда  тиімді екенін анықтады. Теобромин бронхты кеңейтеді және жөтелді жеңілдетеді, тіпті оны азайтады деуге болады.

Шоколад ер адамдардың инсульин алу қаупін азайтуға көмектеседі

Аптасына бір рет  шоколад жеп тұру инсульт қаупін алдағы 10 жыл ішінде 17% - ға төмендетеді.

Өмір сүру жасын ұзартады

Гарвард түлектерінің 18 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген зерттеулері шоколадты үнемі жейтіндердің бұл өнімді пайдаланбайтындарға қарағанда бір жыл артық өмір сүретінін анықтады.

Шокалад ақылдылар үшін

The New England Journal of Medicine зерттеулеріне сәйкес, шоколадты көп тұтынатын 23 елдің тізімі Нобель сыйлығының лауреаттары көп елдердің тізімімен сәйкес келеді.

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер