Алматыда дәрі-дәрмек сатып алуға 10 миллиард теңге бөлінді

2557
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/dәri-dәrmek630_360_1558455387-436.jpg
Алматыда дәріханалар мен емханаларда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын дайындау үшін 10 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық әкімдіктің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескере отырып,  сондай-ақ күзгі-қысқы ауруларды ескере отырып, біз тұрақтандыру қорын құрдық, оған 10 миллиард теңге бөлінді. Бес миллиард теңге нарықты тұрақтандыруға және Алматы қаласының дәріханаларына бөлінеді. Тағы бес миллиард теңге - бұл стационарлар мен емханалар үшін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу үшін құрылған резервтік қор. Дәріханаларға арналған дәрілердің жалпы көлемі - кемінде 40 миллион қаптама, 26,8 миллион қазірдің өзінде жеткізілген", - деді Сәлімбаев.
Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова қазір қалада дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии