Қазақстандық туристер мінген кеме өртеніп кетті (видео)

2402
Adyrna.kz Telegram

 Италияда шағын кеме өртеніп, кейін суға батып кетті. Кемедегі жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған. Бұл туралы "Адырна" Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Lady MM деп аталатын кеме Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан. Оның өртеніп,  суға батып бара жатқан сәтін жағалау күзеті видеоға түсіріп алған. Шағын кеменің  бортында 17 адам болған. Оның сегізі - қазақстандық туристер болса, қалған 9-ы — экипаж мүшесі екендігі анықталған. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Барлық адамды жағалау күзеті құтқарып алған. Өрттің неден шыққаны белгізіз.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер