СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ: Өзбекстан сияқты 35 млн болғанда қайтер еді?

3221
Adyrna.kz Telegram

Аналардың намысына тигіштер көбейіп кетті... әсіресе көпбалалы Аналардың... Анадан тумағандар...
"Бер-бер" дейді, тіленшектер, сұраншақтар, қайыршылар.... асырай алмасаң, неге тудың?... быды-быды...."
Бұлай айтатын адамдар ақыл-парасаттан, аналитикалық өреден, мейірімнен жұрдай роботтар. Миына жазылған "бағдарламамен" ғана сөйлейді, жұмыс істейді...

Бұлар алпауыт компаниялар мен банктердің мемлекетке 30 жыл бойы "бер-бер" деп, қазынаны жан-жақтан еміп, сорып келе жатқанын, жыл сайын миллардтар, тіпті триллиондар алатынын, олардың айлықтары 1-3-4 миллионға дейін баратынын білсе де - білмегенсиді, көрсе де - көрмегенсиді... өйткені өздері солардың сүйектерін мүжуге мәжбүр...

Ал сендер білесіңдер ме, халықты, әсіресе балапандарды ең алдымен мемлекет асырауға МІНДЕТТІ!!! Тұрақты жұмыс орындарымен, тұрақты, лайықты жәрдемақымен!!!

Небәрі 18 млн халқы бар, асты-үсті тұнған байлығы бар Қазақстанда неге кедейлер көп? Неге баспанасыздар көп? Неге жұмыссыздар көп? Неге мемлекетке қарыз адамдар көп? Неге қайыршылар көп? Неге сауатсыздар, надандар, мәдениетсіздер көп? Неге халықтың аражігі барған сайын "байлар" мен "кедейлер" болып екі тапқа бөлінді? Неге орта тап аз? Неге..., неге..., неге?...

Сұрақ көп, жауап та бар...

Ол аналарда намыс, ар-ұят жоқ емес! Бар! (Намыс, ар-ұят біреуде жоқ болса - ол билікте жоқ!!! Мемлекетті дұрыс басқара алмай, байлықты дұрыс игере алмай, тек алыпсатарлықпен, жемқорлықпен айналысқан билікте намыс жоқ! Оларда ар-ұят, намыс болса, халықты, мемлекетті, қазақты осыншалықты дәрежеге жеткізер ме еді??!!... )

Ол Аналар мемлекеттік бюджеттен сол балаларға бөлінген қаржыны талан-таражға салмай, сол балалардың өздеріне жұмсауды ғана сұрап жүр. Бюджеттен қомақты қаржы алып, "балаларға компьютер алдық" деп, әр компьютердің құнын миллиондап көрсетіп, ескі-құсқы компьютер беріп, "оны сосын қайтарасыңдар, бұзылған болса, ақшасын өтейсіңдер" десе, әкімдікке бармағанда не істейді? Олар өз құқықтарын қорғап жүр! Всеобуч та, АӘК де, балаларға мектепте тегін тамақ та - мемлекеттің өзі қабылдаған бағдарламалар мен заңдар. Аналардың тілегі - сол заңдардың орындалуы!
Онсыз да бұ билік 30 жыл бойы халықтың байлығын тонап, балапандардың несібесін ұрлап келді!..

Ал енді сауатсыздыққа, мәдениетсіздікке салынып, айғай-ұйғай шығаратын әйелдер болса, оның түпкі себебіне үңіліңіздер.

Ең алдымен халықтың сауатсыз, мәдениетсіз, надан болғаны - биліктің халықты дұрыс оқытып, тәрбиелемегенінен. Адамдардың бәрі Талғат Жанысбай емес. Әркім әртүрлі тағдырды басынан кешіреді. Дер кезінде оқи алмайды, оқыса да, жұмыс таппайды, өмір бойы қу тіршіліктің күйбеңімен жүреді, басына тартса, аяғына жетпейді, аяғын жапса, басына жетпейді, кредит, аренда, квартплата жан-жақтан жабылып жан алқымнан алады, ішкіш, сабағыш күйеу болады, отырсаң опақ, тұрсаң сопақ қылатын ата-ене, қайын әпке, қайын сіңлілер бар.... Сауаттылықты, этика-эстетиканы мектептен оқытып үйретпесе, өмірінде кітап оқымаса, өмір сүретін ортасы қиын болса, өмірден теперіш, қағажу, сатқындық көп көрсе, әртүрлі жағдайлар, трагедиялар басынан өтсе - ондай әйелдерге тек түсіністікпен қарап, психологиялық көмек беру керек. Біреу біреудің "шкурасына" кіре алмайды. Әркімде жүрек, сана, тағдыр әртүрлі. Жалпы халықтың әлеуметтік психологиясын қалыптастыратын механизм - мемлекеттің таңдаған жолы, жүру бағыты. Мемлекетті басқарушы билік адасса, халық он есе адасады.... Әр басшы өз өңірінің Данкосы болмаса, халық қараңғы түнекте қалып, құрдымға кетеді...

* Бүгінгі Аналардың әкімдіктерге барып шырылдап талап қойып жүргенінің мәнісін ертең онлайн-сабақ басталғанда түсінесіздер! Алдын-ала себептермен күресуді, кемшіліктерді алдын-ала болдырмауды, жоюды білмейтін басшылық ертең бір айдан кейін-ақ салдармен "күрескен" болып, бастары қатып жүретін болады. Сол проблемаларға өздерінің жемқорлығымен, қате шешімдерімен саналы түрде өздері келеді. Олар аяғы солай боларын, түбі үлкен мәселеге ұласарын жақсы біледі. Біле тұра, солай істейді. Өйткені олар халыққа қастандық жасаудың түрлі тәсілдерін меңгерген. Парасатты, жанашыр, қайырымды, сауатты, іскер басшылар өте аз... өкінішке қарай...

Халық саны Қытай, Индия сияқты 2 млрд демей-ақ қояйын, Өзбекстан сияқты 35 млн болғанда қайтер еді???

Сәуле Әбілдаханқызының жазбасынан

Пікірлер