Швед ғалымдар тобы Cell журналында жариялаған зерттеуінде барлық коронавируспен ауырғандар вирусты қайта жұқтырған жағдайда оны анықтап, жоя алатын T жасушалары пайда болады деген болжамын ұсынды.
Зерттеу авторлары COVID-19-дан жазылған 206 шведтің қанын зерттеп, оларда аурудың ауырлығына қарамастан тұрақты Т-жасушалық реакция дамығанын анықтады. Т жасушалары теріс антиденелер сынағынан өткен науқастарда да пайда болған.
Ғалымдардың айтуынша: «Т-жад жасушалары COVID-19-дан ұзақ мерзім бойы иммундық қорғануда өте маңызды болуы мүмкін». Олардың көмегімен вирустың қайталануы өте сирек кездесетін көрінеді. «Т-жад жасушалары ағзада жылдар бойы қалып, ал ауру кеткен кезде антиденелер деңгейі төмендейді», - деп түсіндірді ғалымдар.
Швед ғалымдарының тұжырымдарын басқа зерттеулер де растайды. Мысалы, Nature журналында жарияланған зерттеуде CОVID-19 дертінен айыққан 36 пациенттің әрқайсында Т-жасуша пайда болғаны айтылған. Тағы бір неміс ғалымдарының зерттеу нәтижесінде коронавируспен 18 пациенттің 80%-дан астамында Т жасушасы болған.
Ғалымдар Сovid-19-бен ешқашан ауырмаған адамдарда да Т-жасушалар бар екенін тапты. Олар бұл нәтижені қарсы-реактивтілік құбылысымен байланыстырды: вирусқа жауап ретінде дамитын Т жасушалары ұқсас, бірақ бұрынырақ басқа белгісіз патогенге реакция жасаған кезде пайда болған.
Сарапшылар бұл қарсы-реактивті Т жасушалары бұрын суық тиюді тудыратын вирустың әсерінен болған болуы мүмкін деп санайды. Сондай-ақ эпидемиологтар кейбір пациенттердің жеңіл, енді бірінің қатты ауырғанының себебін де осы жасушамен байланыстырады.
SARS сияқты басқа коронавирустарды зерттеу барысында алынған мәліметтер Т жасушаларының өмір сүру ұзақтығы ондаған жылдар болуы мүмкін екенін көрсетеді.
«Адырна» ұлттық порталы