Алматыда анасы баласын арықта тастап кеткен

2955
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, түнгі бірде алматылық тұрғын арықтан баланы тапты, – деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа туылған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазір Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез-келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер