Доллар 460 теңгеге дейін баруы мүмкін бе?

2242
Adyrna.kz Telegram

Дәл қазіргі сәтте доллар бағасы теңгеге шаққанда 420. Алдағы уақытта доллар бағасы шарықтап 460 теңгеге дейін барады деген сыбыстар жүріп жатыр. Ұлттық валютамыз құлдырап, күн көріс жағдайымыз нашарлап барады. Сарапшылар доллардың өсуін әлемде мұнай бағасының 30% төмендеуімен байланысты деген болатын.Доллардың қымбаттауы еліміздегі азық-түлік, киім-кешек, жылжымалы-жылжымайтын мүліктердің қымбаттауына айтарлықтай әсерін тигізеді. Доллар бағамының тұрақсыздығы мен алдағы уақтытта қымбаттауы мүмкін деген сыбыстар жайында экономистер не дейді?

Үкімет отырысында Ерболат Досаев:

“Ресей мұнайды өндіру мен төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы 8 наурызда әлемнің барлық өңірі үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіру тәулігіне 9,7 баррельден 12 миллион баррельге дейін ұлғайтуға дайын екені туралы шешімін хабарлады.”-деді.

Ұлттық экономика министрі: Руслан Дәленов: Бүгінде баға өте маңызды мәселе. Оны екіге бөлуге болады: азық-түлік өнімдері және азық-түлік өніміне жатпайтын тауарлар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің көбі-отандық өнім. Жергілікті ресурстарға тіркелуі. Сондықтан теңге бағамының өзгеруіне байланысты баға өзгеріс болмауы керек. Басқа факторлар, әрине, әсер етуі мүмкін. Бірақ ішкі ресурстарда өндірілетін тауарларға бағам шекеулі.”

Махмұт ҚАЙРАТҰЛЫ, экономист:

Доллар әлі де қымбаттауы мүмкін. Бірақ 460-қа дейін бармайды. Долларға деген сұраныстың күртартуына мұнай бағамының арзандауы себеп. Доллардың қымбаттауы азық-түлік сынды сұранысқа ие тауарлардың қымбаттауына өз әсерін тигізері анық. Доллар бағасы бұдан ары көтерілмесе, түспейтіні анық.

Гүлдана СЕРМАХАНОВА,  экономист:

Доллар 460 теңгеге дейін көтерілмесе, 400-ге қайта түсуі екіталай. Қазір жылжымайтын мүліктердің қымбаттауына әсер етпесе де, алдағы уақытта тұрғын үй бағасының аспандап кетері анық. Қайта өсіп-өспеу нарыққа байланысты екені бәрімізге мәлім. Алдағы уақытта бірге көре жатармыз.

Расымен де доллар бағасы теңгеге шаққанда 460 теңгеге қымбаттаса күнкөріс қалай болмақ?  Елімізде өндірілетін  азық-түлік пен тағы да өзге керекті заттардың бағасы қымбаттамай, бұрынғы бағасын сақтап қалады деген сенімдеміз.

 

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық прртплы

Пікірлер