Білім беру саласындағы ең жемқор аймақтар анықталды

1877

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның білім саласындағы ең жемқор өңірлерді  атады, - деп хабарлайды Адырна.кз сайты Tengrinews.kz.-ке сілтеме жасап.

2019 жылы білім беру қызметкерлеріне қатысты сот ісінде 164 іс қаралған болатын. 2020 жылы бұл көрсеткіш 201-ге дейін артты. 107 қылмыстық іс сотқа жолданып, 35 адам сотталды.

Аяқталған сот істері бойынша белгіленген шығынның сомасы 254 миллион теңгені құрайды, оның 236 миллионы өтелді. 2019 жылы қаржының 25 миллионы қайтарылған.

«Талдауларға сүйенсек, білім беру саласында жемқорлыққа анағұрлым бейім аймақтар: Шығыс Қазақстанда - 30 факт, Түркістан облысында - 28, Маңғыстау облысы - 20, Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтанда - әрқайсысы 16 факт», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы