Балаларды аман сақтамасақ, бізді ешкім кешірмейді

4280

Онлайн оқытуға ата-аналар мен ұстаздар түсіністікпен қарау керек. Бұл туралы Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысында айтты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы бірінші орында болуы тиіс.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасақ бізді ешкім кешірмейді. Пандемияның қауіпі әлі сейілген жоқ. Сондықтан шыдамдылық танытып, онлайн оқытуды іске асыруымыз тиіс. Білім беру саласы онлайн оқытуға дайын болмай шыққанын өткен оқу жылының соңғы тоқсанында көрдік. Мұндай қыиындықты әлемнің көптеген елдері бастан өткерді. Сол кезде кеткен кемшіліктерді жоюға уақыт болды. Алайда күні кеше көптеген аймақтар әлі дайын емес екендігі белгілі болды, - дейді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, ол аймақ басшылары мен тиісті ведомстволарды жедел шара қолдануға шақырды.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, кезекші сыныптар мен мектептер санитарлық шаралардың бәрі сақталуы тиіс, оны қадағалау мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер
Редакция таңдауы