Алексей Навальный уланған деген күдікпен Ресейдегі ауруханаға жатқызылды

2377
Adyrna.kz Telegram

Оппозицияның көрнекті жетекшісінің хәлі ауыр, бірақ тұрақты күйде екендігі хабарланды. Сібірде ол Мәскеуге ұшқаннан кейін шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Алексей  Навальный  Мәскеуге таңертеңгі рейске тапсырыс берген соң,Сібірдегі Томск қаласының әуежайында  таңғы асқа бір шыны шай ішті. Бейсенбіде рейс  ұшып шыққаннан соң көп ұзамай,Алексей қатты ауырып дәретханаға барды.

2000 мильге жуық ұшқаннан соң, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды . Ресейдің ең көрнекті оппозиция жетекшісі Алексей  Навальный мырза есінен танып қала жаздап,  жолда күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. .

Навальныйдың өкілі, онымен бірге жүрген Кира Ярмыш Twitter-де оны әуежайдағы « Вена» кафесінде шай ішкен бір заттан уланған деп жариялады. Президент Владимир Путинді «алаяқтар мен ұрылар партиясының» жетекшісі деп жиі атаған Навальный мырза ,келесі айда өтетін жергілікті сайлау алдында оппозициялық үміткерлерді ұйымдастыруға көмектесу үшін Сібірге сапар шеккен.

Ұшақпен жеткізілген Сібірдегі Омбы қаласындағы №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері бастапқыда Навальныйдың ауыр халде жатқанын айтты. Кейін оның жағдайы ауыр болса да, тұрақтанғаны туралы хабарлады.

Ақпарат көзі:https://www.nytimes.com/2020/08/20/world/europe/navalny-poison-russia.html

Ағылшын тілінен Адырна ұлттық арнасы үшін аударылды.

Пікірлер