Тихоновская жұмысшыларды ереуілдерді жалғастыруға шақырды

3109
Adyrna.kz Telegram

 

  Беларуссия президенттігіне  үміткер болған Светлана Тихоновская видеоүндеу жолдады. Онда ол жергілікті кәсіпорын жұмысшыларын ереуілдерді жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды «РИА Новости».

   Құрметті белорустар, "Беларуськалия", «МТЗ», «Гродноазота» және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері, сіздер жаңа һәм еркін Беларуссияның символысыздар! ...Белоруссияның болашағы, біздің балаларымыздың болашағы қазір сіздердің бірліктеріңіз бен табандылықтарыңызға байланысты. Сондықтан сіздерден сұраймын: ереуілдерді жалғастырыңыздар және ұлғайтыңыздар!

Беларуссиядағы жаппай наразылық акциялары 9 тамызда, президент сайлауынан кейін басталған болатын. Сайлауда алтыншы мәрте қазіргі Беларуссия көшбасшысы Александр Лукашенко жеңіске жетті. ОСК мәліметі бойынша, ол 80,1 пайыз дауыс жинады. Оппозиция өкілдері сайлау нәтежиесімен келіспейді. Олардың пікірінше, Светлана Тихоновская жеңіске жетті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер