«Жаңа Беларусь маршы» – Беларусь оппозициясы демалыс күндері қалаларда жаппай наразылық шараларын өткізетінін жариялады

3201
Adyrna.kz Telegram

Беларусь республикасында «Жаңа Беларусь маршы» атты жаңа ауқымды наразылық шерулері өтетіні жарияланды. Наразылық шеруі осы жексенбіде, 23 тамыз күні өтеді. Бұл жайында  Nexta Live телеграм каналында хабарлаған.

Аталған телеграм канал белорустарды елдің барлық қаласында  митингіге шығуға шақырған. Атап айтқанда, Минскіде наразылық акциясы Тәуелсіздік алаңында сағат 14:00-де басталуы тиіс.

Оппозициялық күштердің талаптары өткен демалыс күндердегідей:

- Барлық ұсталғандар мен саяси тұтқындарға дереу еркіндік берілуі;

- Президент Александр Лукашенконың кетуі;

- Кісі өлтіру мен азаптауға кінәлілер бойынша Сот төрелігі.

Сондай-ақ хабарламада: «Сол бір маңызды және тарихи күні (16 тамыздағы наразылықтар – «Адырна») белорустар басқа елде тұруға дайын екенін көрсетті. Өз жолымен өмір сүрудің уақыты келді", - деп көрсетілген.

Сурет NEXTA Live телеграм парақшасынан алынды

Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер